Рэмзи Озилмен бірдей жалақы алатын болды

Рэмзи Озилмен бірдей жалақы алатын болды

Уэльс құрамасының жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи лондондық "Арсеналмен" жаңа келісімшартқа қол қоюға ортақ ымыраға келді.

The Guardian басылымы 23 жастағы футболшының «Арсеналмен» 5 жылдық келісімшартқа отырғанын, енді аптасына 100 мың фунт стерлинг табыс табатынын жазады.

Дәл қазіргі уақытта «Арсеналда» мұндай жалақыны Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Месут Озил алып келіпті. 

Аарон Рэмзи "Арсеналға" 2008 жылы валиялық «Кардифф» клубынан ауысып келіпті. Осы маусымда ағылшын біріншілігінде 18 ойын өткізіп,  8 доп соққан. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: theguardian.com

Л. Лига