Бьорндален спорттық мансабын жалғастыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
Бьорндален спорттық мансабын жалғастыратын болды

Әйгілі норвегиялық биатлоншы Уле Эйнар Бьорндаленнің осыған дейін үлкен спортпен қош айтысатыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда спортшы әлі екі жыл үлкен спорттан қол үзбейтінін хабарлады.

БӨЛІСУ

Норвегиялық биатлоншы Сочиде 40 жасында қысқы Олимпиада ойындарының 8 дүркін чемпионы болды. Ол 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен додада аталған спорт түрінен 4 медальдар жиынтығының алтынын иеленіп, абсолютті чемпион атанған-ды. Одан кейінгі жарыстарда да жүрісінен жаңыла қойған жоқ. Ал Сочидегі 2 алтын медалі Бьорн Дели бағындырған биікті басып озуына септігін тигізді. Яғни, қысқы Олимпиада ойындарындағы ең табысты спортшы.

Спортшы бүгін facebook-тегі жеке парақшасында: «Мен және менің ұжымым әлі де үлкен спортта екі өнер көрсетуге шешім қабылдадық. 2016 жылғы өз елімізде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынаймын», - деді.

Естеріңізге сала кетсек, Норвегия Парлимпиада құрамасы Сочиге жол тартпауы мүмкін. Өйткені ел спортының тізгінін ұстап отырған басшылар Қырымдағы саяси ахуалға байланысты спортшыларының өміріне алаңдайтын көрінеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ngs93.ru