Мадридтік "Реалдың" 16 ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды

Ла Лига Корреспондент
Мадридтік "Реалдың" 16 ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алды

Мадридтік "Реалдың" 16 ойыншысы ұлттық құрамаға шақырту алып отыр екен: 

БӨЛІСУ

Испания - Италия

Икер Касильяс, Хаби Алонсо, Серхио Рамос сынды ойыншылар "Висенте Кальдерон" стадионында Италияға қарсы жолдастық кездесуде Испания атынан шықпақ. Талас-тартысқа толы ойын болатыны күні бұрын айтылуда. Бұған бірден-бір себеп, 2012 жылы Еуропа Чемпионатының финалында Италияны осы испандықтар сүріндірген болатын.

Португалия - Камерун

Криштиану Роналду, Пепе, Фабиу Коэнтрау ұлттық құрамаға шақырту алды. Португалдықтар Әлем чемпионатының алдында соңғы дайындықтарын пысықтамақ. 

Франция - Нидерланды

Карим Бензема мен Рафаэль Варан ұлттық құрамаға шақыртылды. "Стад де Франс" стадионында өтетін ойын қызыққа толы болмақ. 

Швейцария - Хорватия

Лука Модрич  ұлттық құрамаға шақырту алды. Хорваттар Бразилиядағы Әлем Чемпионатына әзірліктерін байқап көрмек. Матч "АФГ Арена" стадионында өтпек. 

Оңтүстік Африка - Бразилия

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Марсело ұлттық құрамаға шақыртылды. Қаптал қорғаушысы Йоханнесбургке аттанбақ. Кездесу "Соккер Сити" стадионында, Испания құрамасы жеңіс тұғырына көтерілген жасыл алаңда өтпек.

Румыния - Аргентина 

"Мадридтің" аргентиналық ойыншысы Анхель Ди Мария ұлттық құрамаға шақырту алды. Бухарестегі "Ұлттық стадионда" доп теппек.

Уэльс - Исландия

Мадридтік "Реалдан" Гарет Бэйл ұлттық құрамаға шақыртылды. "Кардифтің" алаңында уэльстік жігіттер аянып қалмақ емес.

Испания (U21) - Германия (U21)

Хесе Родригес, Дани Карвахаль, Альваро Мората, Иско Аларкон, Дерик пен Пачеко ("Кастилья") - Испанияның жастар құрамасы сапында сынға түседі. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: realmadrid.kz