"Ордабасы" құрамы белгілі болды

"Ордабасы" құрамы белгілі болды

Жаңа маусымға дайындығын пысықтап жатқан Шымкенттің "Ордабасы" командасы құрамын жасақтап шықты. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

2014 жылғы маусымдағы команда құрамы:

Қақпашылар: Александр Григоренко (1985 ж), Талғат Қаленов (1991 ж), Самат Отарбаев (1990 ж);

Қорғаушылар: Мұхтар Мұхтаров (1986), Гафуржан Сүйімбаев (1990), Эндри Мвесигва (1984), Еркебұлан Тұңғышбаев (1995), Младен Лазаревич (1984), Фархадбек Ирисметов (1981), Талғат Адырбеков (1989);

Жартылай қорғаушылар: Пиралы Алиев (1984), Азат Нұрғалиев (1986), Бекзат Бейсенов (1987), Қайрат Әшірбеков (1982), Артём Касьянов (1983), Мардан Толебек (1990), Евгений Лёвин (1992), Абдуллаи Диакате (1988), Қазбек Гетериев (1985);

Шабуылшылар: Дәуренбек Тәжімбетов (1985), Эдин Юнузович (1986), Максим Фильчаков (1993), Павел Черны (1985).

Бас бапкер — Виктор Пасулько. Бас бапкер көмекшісі — Қуаныш Қарақұлов. Қақпашы бапкері — Виталий Галат. Физикалық тұрғыдан дайындайтын — Шайзидин Кенжебаев. Бапкер — Августин Кирица.

Ел премьер-лигасындағы командалардың құрамына сәуірдің үшінші жұлдызына дейін өзгерістер енгізуге болады. 

Cонымен қатар, "Ордабасы" командасының бірнеше ойыншылары жейделеріндегі нөмірлерін ауыстырды. Осыған дейін 3-ші нөмірмен өнер көрсеткен қорғаушы Эндри Мвесигва 14-ші нөмірге ауысса, Павел Черны - 89, Младен Лазаревич - 44, Абдулай Диакате - 25, Фархадбек Ирисметов 55-ші нөмірмен жасыл алаңға шығатын болды.

Команданың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы орындықтары жаңартылды.

"Ордабасы" командасы алғашқы кездесуін сырт алаңда Қызылорданың "Қайсар" командасына қарсы өткізеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vk.com

Ө. Сансызбай