Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Василий Ломаченко жеңілістің ащы дәмін татты

Василий Ломаченко жеңілістің ащы дәмін татты

Василий Ломаченко жеңілістің ащы дәмін татты

Кәсіпқой боксқа өткен жылы ғана ауысқан украиналық боксшы Василий Ломаченко өз мансабында тұңғыш рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кәсіби мансабы жолындағы екінші кездесуінде Ломаченко 33 жасар мексикалық Орландо Салидомен кездескен еді. Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында Чавес-Вера арасындағы негізгі жекпе-жек алдындағы андеркартта өткен кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңімпаз болып табылды. Үш төрешінің шешімі мынадай болды: 116-112 және 115-113 Салидоға, 115-113 Ломаченконың пайдасына.        

Осылайша, 26 жасар украиналық Василий Ломаченко жартылай жеңіл салмақтағы (57,2 келіге дейінгі) WBO чемпиондық атағына қол жеткізе алмады. Айта кету керек, осы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу кезінде мексикалық боксшы өзінде бар чемпиондық белбеуден салмақ асырып жіберуіне байланысты айырылып қалды. Ендігі белбеу вакантты болып жарияланды.  

Осы кештің алдында Василий Ломаченконың мүддесін қорғаушы Top Rank промоутерлік компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Боб Арум өз клиентінің қазірдің өзінде әлемдегі ең мықты 5 боксшының (P4P) қатарына кіретінін мәлімдеген еді. Ол аздай, Арум украиналық боксшы танымалдығы жағынан қазіргі кезде HBO телеарнасында көрілім жағынан жоғары рейтинг көрсетіп жүрген Геннадий Головкин мен ресейлік Руслан Проводниковтан асып түсетініне сенім білдірді.   

Василий Ломаченко әуесқой бокста жүргенде Олимпиада ойындарын екі рет (2008 және 2012 жылдары), әлем чемпионы атағын да екі мәрте ұтып алған еді. Сондай-ақ ол 2008 жылғы Еуропа және 2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы болып саналады. Украинаның еңбегі сіңген спорт шебері.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: eurosport.ru

 

Қосылған күні: 03 наурыз 2014, 00:26
Пікірлер
+0
03 наурыз 2014, 09:10

Дұрыс болды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.