Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин - Чавес арасындағы кездесу жазда өтуі мүмкін

Головкин - Чавес арасындағы кездесу жазда өтуі мүмкін

Головкин - Чавес арасындағы кездесу жазда өтуі мүмкін

Көпшілік бокс мамандары мен жанкүйерлері күткен орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сесар Чавес кіші арасындағы кездесу орын алып жатса, ол 12 шілде күні өтуі мүмкін. Бұл жөнінде ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобында хабарланды.   

Одан бөлек, қос боксшы арасындағы кездесу 76 келіге (168 фунт) дейінгі салмақ дәрежесінде өтуі мүмкін екендігі де айтылады. Айта кетейік, бұл кездесу тек Чавес кіші бүгін таңда Сан-Антониода Брайан Вераны жеңген жағдайда ғана өтуі мүмкін. Осыған дейін қос боксшы кездесіп, 2013 жылдың қыркүйегінде өткен жекпе-жекте Чавес төрешілердің даулы шешімімен жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ бұл бокс кешінің андеркартында (негізгі жекпе-жек алдындағы қыздырыну кездесуі) украиналық Василий Ломаченко өзінің кәсіби мансабындағы бар болғаны екінші кездесуінде-ақ жартылай жеңіл салмақтағы WBO белбеуінің иегері мексикалық Орландо Солидомен жұдырық түйістіріп, бокс тарихында екінші кездесуінде чемпиондық атаққа қол жеткізген тұңғыш боксшы атануға тырысып көрмек. Аталған кешке Головкиннің бапкері Абель Санчес пен оның промоутері Том Леффлер қатысады деп күтілуде.

1

Хулио Сесар Чавес кіші 

Осыған дейін Хулил Сесар Чавес кішіге қожалық ететін америкалық Top Rank промоутерлік компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Боб Арум қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлермен жақын арада болуы ықтимал кездесудің кейбір детальдарын талқылау үшін кездескендігін хабарлаған болатынбыз.  

Кәсіпқой рингте Хулио Сесар Чавес 49 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана (аргентиналық Серхио Мартинеске) жеңіліске ұшыраған.

Ал Геннадий Головкин өзінің соңғы өткізген кездесуінде ганалық Осумана Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл 31 жасар қазақстандықтың 2014 жылы алғаш өткізген кездесуі, ал кәсіби мансабындағы 29-шы жекпе-жегіндегі 29-шы жеңісі саналады. Головкин оның 26-сын нокаутпен аяқтағанын да айта кетейік.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: boxing.ru

Қосылған күні: 02 наурыз 2014, 03:51
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.