Головкин британиялық Энди Лимен кездесетін болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Головкин британиялық Энди Лимен кездесетін болды

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкиннің кезекті қарсыласы болып ирландиялық Энди Ли танылды, деп хабарлайды Boxingscene.com.

БӨЛІСУ

Интернет-порталдың мәліметінше, екі жақ барлық сұрақтар бойынша ортақ келісімге келген. Ал келер аптада қос боксшының арасындағы кездесу ресми түрде көпшілікке хабарланатын болады. Қазірдің өзінде кездесудің Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде 26 сәуір күні өтетіні белгілі болып отыр.

«Келіссөздер міне, осымен екі аптаға созылып отыр. Меніңше, екі жақ жақын арада барлық мәселені толық шешіп, кездесудің орын алатынын ресми түрде хабарлайтын болады. Әрине, бұл оңай кездесу деп айта алмас едім. Мүмкін, мен рингте аутсайдер ретінде жұдырықтасатын да шығармын. Бірақ, мен өзімді «панчер» деп санайтындықтан, өзімді 100 пайызға көрсетуге барымды саламын. Көпшілік боксшылар әлем чемпионы титулын ұтып алуға тырысатыны анық, мен де солардың қатарындамын»,-деп жазады Энди Лидің сөзіне сілтеме жасаған сайт.

1

Энди Ли

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин өзінің соңғы өткізген кездесуінде ганалық Осумана Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.ru