Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Артем Милевский «Ақтөбе» қатарын толықтырды

Артем Милевский «Ақтөбе» қатарын толықтырды

Артем Милевский «Ақтөбе» қатарын толықтырды

«Ақтөбе» командасы украиналық футболшы Артем Милевскиймен толықты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Осыған дейін бұл шабуылшының Владимир Никитенко командасына ауысуы туралы ақпараттар тараған болатын. Алайда қазақстандық команданың бас бапкері Владимир Никитенко клубында шабуылшылардың жеткілікті екенін жеткізген де еді. Десе де клуб басшылығы футболшымен біржылдық келісімшартқа қол қойғаны бүгін мәлім болды. 29 жастағы футболшы «Ақтөбе» қатарын еркін кеңістіктегі футболшы ретінде толықтырды.

Артем Милевский соңғы рет Түркияның "Газиантепспор" клубында өнер көрсетті. Команда құрамында алты кездесуге қатысып, бір рет қарсылас қақпасында доп та тулатыпты. Өткен жылдың 31 желтоқсан күні команда мен футболшы арасындағы келісім жалақының дұрыс төленбеуінен кейін бұзылған. Ал оған дейін футболшының аты киевтік «Динамода» шыққан болатын. 11 жыл аталған команданың намысын қорғаған шабуылшы Украинадағы танымал футболшылардың қатарына да қосылды. 278 кездесуге қатысып, 87 гол соққан. 2006 жылы Украина құрамасымен Әлем чемпионатында да өнер көрсетті. 2012 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін футболшымен «Динамо» басшылығы келісімін ұзартуды қаламаған-ды.

Сонымен қатар, Артем Милевский Украина құрамасының қатарына қайта шақыртылуы мүмкін. Бұл туралы аталған құраманың бас бапкері Михаил Фоменко «Футбол 1» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген. Осыған дейін ұлттық құраманың жейдесін киіп 50 рет алаңға шыққан футболшы 8 допты қарсылас қақпасында тулатқан екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: Асылбек Қуанышев, fc-aktobe.kz

Қосылған күні: 28 ақпан 2014, 19:18
Пікірлер
+0
28 ақпан 2014, 21:39

фром Юкрэйн :D Киевтің Динамосынан ұтылып қалғаннан кейін, украиналықтардан легионер алып жатқанымыз ба?!))

+0
05 наурыз 2014, 01:33

милевский келісім шартын бұздығо қайттан, денсаулығына байланысты, дені сау емес алқашпа бирбәле екен ғо :!: :!: :cry: :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.