Денис Тен паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

Денис Тен паралимпиадашыларға сәттілік тіледі

Бүгін «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан ұлттық Паралимпиада құрамасының Сочиде өтетін ХІ қысқы Паралимпиада ойындарына аттануына орай өткізілген баспасөз мәслихатына Денис Тен арнайы ат басын бұрып, спортшыларға сәттілік тіледі.

- Мені осы баспасөз мәслихатына шақырғанына қуаныштымын. Паралимпиада ойындарына аттанғалы отырған спортшыларға сәттілік тілеймін. Сіздер нағыз батырсыздар! Спорттық мансаптарыңызды қандай қиындықпен бастасаңыздар, алдағы қысқы ойындар сіздерге соның жемісін береді деп ойлаймын. Мен сіздерге сенемін. Жарыс жолына шыққанда жанкүйерлік танытып отыратын боламын. Кез келген уақытта сіздерге көмектесуге дайынмын,деді Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.


Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХІ қысқы Паралимпиада ойындары 7 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтеді.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz

Ө. Сансызбай