Еуро-2016. Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Еуро-2016. Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды

Кеше футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы «А» тобында өнер көрсететін болды. Алғашқы кездесулер қыркүйек айында басталады.

БӨЛІСУ

«А» тобындағы жерлестеріміздің қарсыластары - Нидерланды, Исландия, Латвия, Түркия және Чехия құрамалары. Ал ұлттық құрамамыз алғашқы кездесуін Латвияға қарсы өз алаңымызда өткізеді. Бұл ойын 9 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі:

10.10. 2014 -Нидерланды - Қазақстан
13.10.2014 - Қазақстан - Чехия
16.11.2014 - Түркия - Қазақстан
28.03.2015 - Қазақстан - Исландия
12.06.2015 - Қазақстан - Түркия
03.09.2015 - Чехия - Қазақстан
06.09.2015 - Исландия - Қазақстан
10.10.2015 - Қазақстан - Нидерланды
13.10.2015 - Латвия - Қазақстан

Естеріңізге сала кетсек,  54 ұлттық құрама іріктеу сынына түсетін аламанда, әр топтың бірінші және екінші орын алған ұжымдары автоматты түрде Еуропа чемпионатына жолдама алады. Топтар арасында үздік көрсеткішпен үштікті қорытындылаған құрама да осы қатардан табылмақ. Қалған сегіз ел құрамасы 4 жолдамаға талас жүргізетін болады. Тағы да айта кететін жайт, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында 24 команда бақ сынайды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kursiv.kz