Бүгін Еуро-2016 іріктеу жеребесі тартылады

Бүгін Еуро-2016 іріктеу жеребесі тартылады

Бүгін футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу алдындағы жеребе өтеді. Соңғы себеттен орын алған ұлттық құрамамыздың қарсыластарын білетін боламыз. 

54 ұлттық құрама іріктеу сынына түсетін аламанда, әр топтың бірінші және екінші орын ұжымдар автоматты түрде Еуропа чемпионатына жолдама алады. Топтар арасында үздік көрсеткішпен үштікті қорытындылған құрама да осы қатардан табылмақ. Қалған сегіз ел құрамасы 4 жолдамаға талас жүргізетін болады. Ал саяси жүйеге байланыстыіріктеу кезеңінде Армения мен Әзірбайжан, Ресей мен Грузия, Испания мен Гибралтар бір топта ойнамайды деген шешім қабылданған. Ал жақында өзінің футбол тарихында алғашқы кездесуін өткізген Гибралтар құрамасыдода іріктеуіне енді. Енді топтардағы құрамалар саны 6 болып толығып отыр. Франция құрамасы іріктеу сынына тәжірибе немесе дайындық ретінде қатыспай-ақ, жарыс иегері ретінде қатыса береді.

Жеребе алдындағы себеттерге бөлінген құрамалар төмендегідей:

Бірінші себет: Испания, Германия, Нидерланды, Италия, Англия, Португалия, Грекия, Ресей, Босния және Герцеговина;

Екінші себет: Украина, Хорватия, Швеция, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия;

Үшінші себет: Сербия, Түркия, Словения, Израиль, Норвегия, Словакия, Румыния, Австрия, Польша;

Төртінші себет: Черногория, Армения, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Белоруссия;

Бесінші себет: Исландия, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан, Грузия, Кипр;

Алтыншы себет: Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Фарер аралдары, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар;

Бір себеттегі құрамалар бір топқа түспейді

Осыған дейін massaget.kz сайты вконтактідегі жеке парақшасында "қандай азулы құраманың біздің топқа қай азулы құраманың түскенін қалайсыздар?" - деген сауалнама жүргізген болатын. Дауыс берген жанкүйерлердің 38,9%-ы - Испания, 18,5%-ы - Португалия, 16,7%-ы - Ресей құрамасы түскенін қалайтынын жеткізді. Ендеше 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатында 24 ұлттық құраманың қатысатынын ескеретін болсақ, ұлттық құрамамызға жеребеде сәттілік тілейміз! 

Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Сіздермен жеребе нәтижелерін бір уақытта бөлісіп отыратын боламыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай