Марадона үлкен футболға оралмақ

Марадона үлкен футболға оралмақ

Аргентина құрамасының аты аңызға айналған футболшыларының бірі Диего Армандо Марадона үлкен спортқа қайта оралмақшы. Бұл туралы A Bola сайты хабарлап отыр.

53 жастағы мінезді Марадона Аргентина елінің 5-ші дивизионында өнер көрсететін "Риестра" клубы қатарында ойнамақ. Ал клуб аталған елдің футбол қауымдастығына футболшының команда қатарына қосуына рұқсат өтініштерін білдіріп үлгеріпті. Егер рұқсат беріп жатса, осы уақытқа дейін бірнеше ұжымның бапкері де болып үлгерген Марадона 23 наурыз күні жасыл алаңға қайта оралуы мүмкін. Ал клубтың иегері Виктор Стинфале футболшының досы екен. 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аргентинаның әйгілі футболшысы "футбол королі" Пелені мойындамайтынын жеткізіп, және оған "екінші нөмірлі" ойыншы деп баға берген болатын. Ал өз кезегінде бразилиялық футбол аңызы: "Марадона мені жақсы көреді. Сондықтан солай деген шығар. Расында да Аргентинадан мықты футболшылар көп шыққан, әлі де бар. Олар алдымен өзара мықтыны анықтап алғаны дұрыс", - деген болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.news.am

Ө. Сансызбай