Сочи - 2014. Он үшінші күн қорытындысы

Сочи - 2014. Он үшінші күн қорытындысы

Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының он үшінші күні барлығы 6 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Франция, АҚШ, Норвегия, Ресей елдерінің қоржынына бір-бір алтын медальдан түсті. Ал Канада бүгін қос алтын жүлде еншіледі.

Соңғы медальдар жиынтығы әйелдер арасындағы керлингтен және хоккейден командалық сын, ски-хафпайптан, мәнерлеп сырғанаудан жеңімпаз арулар анықталды. 

Керлинтен әйелдер арасындағы ақтық сында Канада құрамасы Швецияны жеңіп алтын медальды иеленсе, қола жолында Ұлыбритания қыздары Швейцариядан басым түсті. Хоккейден командалық сынның финалында да Канада АҚШ құрамасын жеңіп алтынды қоржындарына салды. Қола жүлде жолындағы сында Швейцария Швецияны жеңіп кетті.

Әйелдер арасындағы ски-хафпайптан ақ Олимпиаданың чемпионы болып АҚШ фристайлшысы Мэтти Баумэн танылды. Күміс француз Мари Мартинодқа бұйырса, қоланы жапон қызы Аяна Онозука жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаудан жарыс қожайындары алтынды өз қоржындарына салды. 15 жастағы Юлия Липницкаядан үміт күткен жергілікті жанкүйерлер Аделина Сотникова жеңісінің куәгері болды. Күміс жапон аруы Ен А Ким еншісіне тисе, қоланы италиялық Каролина Костнер иеленді. Ал командалық сайыста сәтті өнер көрсеткен Юлия Липницкая 5-ші орыннан көрінді.

Орын      Мемлекет     Алтын         Күміс         Қола         Барлығы    
1 Норвегия 10 4 7 21
2 АҚШ 8 6 11 25
3 Германия 8 4 4 16
4 Ресей 7 9 7 23
5 Канада 7 9 4 20
6 Нидерланды 6 7 9 22
7 Швейцария 6 3 2 11
8 Беларусь 5 0 1 6
9 Франция 4 4 7 15
10 Польша 4 0 0 4
11 Қытай 3 2 1 6
12 Швеция 2 6 4 12
13 Австрия 2 6 2 10
14 Чех Республикасы 2 4 2 8
15 Оңтүстік Корея 2 2 1 5
16 Словения 2 1 4 7
17 Жапония 1 4 3 8
18 Финляндия 1 3 0 4
19 Ұлыбритания 1 0 2 3
20 Словакия 1 0 0 1
21 Италия 0 2 6 8
22 Австралия 0 2 1 3
23 Латвия 0 1 2 3
24 Хорватия 0 1 0 1
=25 Қазақстан 0 0 1 1
=25 Украина 0 0 1 1

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай