Еуропа Лигасы. 1/16 финалдың алғашқы кездесулері өтеді

Еуропа Лигасы. 1/16 финалдың алғашқы кездесулері өтеді

Бүгін футболдан Еуропа Лигасының 1/16 финалы аясындағы командалардың алғашқы кездесулері өтеді. 

Осыған дейін Украинадағы жағдайға байланысты «Валенсия» Киевке бармайтынын жеткізіп, УЕФА-дан өзге қалада ойынды өткізуді сұранған болатын. Өтініш бойынша "Динамоға" қарсы кездесу Кипр астанасы Никосияда өтетін болды.

Қарағандылық «Шахтерды» плей-оффқа жібермеген «АЗ Алкмаар» сырт алаңда чех командасы «Либерецпен» кездессе, «ПАОК» өз алаңында «Бенфиканы» қабылдайды.

Сонымен қатар, туриндік «Ювентус» «Галатасарайда» кеткен есесін бүгін «Трабзонспордан» қайтаруы бек мүмкін. Ал 12 ұпаймен келесі кезеңге шыға алмай қалған неапольдық «Наполи» «Суонсиде» қонақта болады.

Еуропа Лигасы. 1/16 финал. Алғашқы кездесулер

 «Анжи» (Ресей) - «Генк» (Бельгия) - 23։00

«Ювентус» (Италия) - «Трабзонспор» (Түркия) - 00։00

«Черноморец» (Украина) - «Лион» (Франция) - 00։00

«Днепр» (Украина) - «Тоттенхэм» (Англия) - 00։00

«Динамо» (Украина, Киев) - «Валенсия» (Испания) - 00։00

«Эсберг» (Дания) - «Фиорентина» (Италия) - 00։00

«Либерец» (Чехия) - «АЗ Алкмар» (Голландия) - 00։00

ПАОК (Грекия) - «Бенфика» (Португалия) - 00։00

«Аякс» (Голландия) - «Зальцбург» (Австрия) - 02։05

«Бетис» (Испания) - «Рубин» (Россия) - 02։05

«Порту» (Португалия) - «Айнтрахт» (Германия, Франкфурт) - 02։05

«Лацио» (Италия) - «Лудогорец» (Болгария) - 02։05

«Маккаби» (Израиль, Тель-Авив) - «Базель» (Швейцария) - 02։05

«Марибор» (Словения) - «Севилья» (Испания) - 02։05

«Виктория» (Чехия, Пльзень) - «Шахтер» (Украина, Донецк) - 02։05

«Суонси» (Уэльс) - «Наполи» (Италия) - 02։05

Ойындар Астана уақытымен көрсетілген

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай