Исламхан «Қайратқа» ресми түрде ауысты

Исламхан «Қайратқа» ресми түрде ауысты

Алматылық «Қайрат» командасы Краснодардың «Кубаньымен» келісімге келіп, Бауыржан Исламханды өз қатарларына қосты. Бұл туралы клубтың "Вконтакте" желісіндегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

Қазақстан жастар құрамасының капитаны жақында өткен «Достастық Кубогы – 2014» халықаралық турнирінде үздік ойын өрнегін көрсеткен болатын. Осыған дейін де футболшының «Қайратқа» ауысатыны туралы ақпараттар тарағанымен, екі тарап толық келісімге келе қоймаған еді. Енді «Тараз» мектебінің түлегімен алматылық ұжым үшжылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылғы маусымда Бауыржан Исламхан ресейлік «Кубань» қатарына ауысып, кейіннен елордалық «Астана» командасына жалға берілген болатын.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай