Рибери «Арсеналға» қарсы ойнамайды

О Сансызбай Корреспондент
Рибери «Арсеналға» қарсы ойнамайды

Мюнхендік «Бавария» мен Франция ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Франк Рибери жарақатына байланысты Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы лондондық «Арсеналға» қарсы кездесуге қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Кеше футболшы медициналық тексеруден өтіп, жарақатына байланысты ота да жасатқан. Риберидің сегізкөз (құйрық) тұсынан алған жарақаты жүйке жүйесіне де өз әсерін тигізген көрінеді. Енді 2013 жылғы «Алтын допқа» басты үміткерлердің қатарында болған футболшы бір аптадан кейін ғана аздап жүгіруге күш сала алады. Ал Арсен Венгер шәкірттерімен болатын қарымта кездесуге дейін жартылай қорғаушы толыққанды сауығып кетеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, Рибери осы аптада өткен бундеслиганың кезекті турының аясындағы «Нюрнбергке» қарсы кездесуге де шықпаған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football-side.com