Голубев Загребтегі турнирде сүрінді

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Голубев Загребтегі турнирде сүрінді

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Хорватия астанасы Загребтегі ATP сериясына жататын турнирдің ширек финалынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Екінші айналым матчы кезінде 26 жасар қазақстандық жарыста үшінші нөмірмен сынға түсіп жатқан неміс теннисшісі Филипп Кольшрайберге екі сетте (4:6, 2:6) жол беріп қойды. Кездесу бір сағаттан аса уақытқа созылды. Айта кетейік, Андрей Голубев АТР рейтингісінде 87 орында келе жатса, 30 жасар Кольшрайбер 27 орында тұр.

Енді келесі кезеңде Кольшрайбер британдық Дэн Эванспен күш сынасады. Ал жарыстың жалпы жүлде қоры 420 мың АҚШ долларын құрайды.  

Естеріңізге сала кетсек, жақында Андрей Голубев қатысқан Қазақстан құрамасы бельгиялық теннисшілерді ұтып, Дэвис Кубогының ширек финалына жолдама алған болатын. Ендігі сәуір айында өтетін матчта Қазақстан құрамасы Роджер Федерер қатысатын азулы Швейцарияға қарсылас атанады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sport-xl.org