Қазақстандық дзюдошылар "Үлкен дулыға" турниріне аттанып кетті

Қазақстандық дзюдошылар "Үлкен дулыға" турниріне аттанып кетті

Дзюдодан 2009 жылғы әлем чемпионы қазақстандық палуан Максим Раков Қазақстан құрамасымен бірге «Үлкен дулыға» санатына жататын Париждегі байрақты бәсекеге қатысатын болды, деп жөнінде Қазақстанның дзюдо Федерациясының ресми сайтында хабарланады.  

Раковтан бөлек (100 келіге дейінгі салмақта) Франция жеріне 2013 жылғы әлемдік доданың күміс жүлдегері Азамат Мұқанов та (66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) аттанатын болды. "Әлемдік шеберлер-2013" жарысының жеңімпазы Сергей Ким (66 келіге дейінгі салмақта) де Қазақстан намысын қорғамақ. Сондай-ақ отандық құрамада Елдос Сметов, Асхат Телманов, Ғабит Есімбетов (барлығы да 60 келіге дейінгі салмақта), Жансай Смағұлов (66 келіге дейінгі салмақта), Ертуған Төреновтер (73 келіге дейінгі салмақта) бар.

Сондай-ақ Парижде Қазақстанның әйелдер командасы да күш сынасады. Сонымен татами төріне шығатындар: Александра Подрядова, Айгүл Байкулева (48 келіге дейінгі салмақта), Мариан Урдабаева (63 келіге дейінгі салмақта), Динара Құдарова (70 келіге дейінгі салмақта) және Альбина Амангелдиева (78 келіге дейінгі салмақта). Франция астанасындағы «Үлкен дулыға» жарысы 5-13 ақпан күндері аралығында өтеді.   

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы да қазақстандық дзюдошылар Токиода өткен аталған жарысқа қатысқан еді. Сол кезде Максим Раков пен Елдос Сметов өз салмақтарында бесінші орын иеленген болатын. Айта кетейік, 2015 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. 

 Әлемдік рейтингте қазақстандықтар арасында ең жоғары көрсеткішке Сергей Ким (7 орын) мен Гүлжан Исанова (7 орын) ие.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет