Таэквондадан ұлттық құрама бапкері ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Таэквондадан ұлттық құрама бапкері ауысты

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Бір жарым жыл ел таэквондошыларын баптаған Бауыржан Аманқұловтың орнына Мұстахим Қабдірашев келді. Жаңа маман еліміздің еңбек сіңірген бапкері дәрежесімен қатар, 2000 жылы Қазақстан құрамасының аға бапкері қызметін де атқарған екен. Сонымен қатар, Пекин Олимпиадасының жүлдегері Арман Шілманов пен екі дүркін Азия чемпионы Лия Нуркинаны баптаған.

Мұстахим Қабдірашев ұлттық құрамамен «Бағанашыл» спорт кешені аумағында алғашқы оқу-жаттығу жиындарын бастап та кетіпті. Енді жаңа бапкермен ел намысын қорғайтын таэквондошыларымызды алда Азия ойындары тартысы күтіп тұр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com