Автоголдар айқасы...

Автоголдар айқасы...

Испания Кубогының жартылай финалының алғашқы кездесулерінде мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» өз алаңдарында сенімді түрде жеңіске жетті.


Мадридтік дербиде «корольдік клубтың» мысы басым болды. Ерекше серпінмен бастаған алаң иелері 17 минутта-ақ есеп ашты. Пепенің шірене бағыттаған соққысы қорғаушы Инсуаның аяғына тиіп қақпа төрінен табылды. 57 минутта Хесе есепті еселесе, 73 минутта «Атлетиконың» тағы бір ойыншысы Миранда өз қақпасына гол жіберіп алды.

«Реал Мадрид» — «Атлетико» 3:0 (1:0).
5 ақпан. Мадрид. «Сантьяго Бернабеу» алаңы.
Голдар: Инсуа, 17 – өз қақпасына (1:0). Хесе, 57 (2:0). Миранда, 73 – өз қақпасына (3:0).
«Реал Мадрид»: Касильяс, Арбелоа, Серхио Рамос, Пепе, Фабиу Коэнтрау, Хаби Алонсо, Модрич, Ди Мария (Ильяраменди, 81), Хесе (Иско, 84), Криштиану Роналду, Бензема (Мората, 73).
«Атлетико»: Куртуа, Хуанфран, Миранда, Годин, Инсуа, Габи, Коке, Рауль Гарсия (Соса, 70), Диего (Родригес, 46), Арда Туран (Адриан, 61), Диего Коста.

Каталондық «Барселона» да өз алаңында сан-себастяндық «Реал Сосьедадты» қиналмай жеңді. Қонақтар қақпасына толассыз шабуылдардың нәтижесі 44 минутта орын алды. Серхио Бускетстің қақпаға бағыттаған дәл соққысы таблодағы көрсеткішті өзгертті. Сонымен қатар, төрешімен келіспеген қонақтар ойыншысы Мартинес алаңнан қуылса, 60 минутта қақпашы Субикарай өз қақпасына екінші допты енгізіп алды. Финалдағы "Эл-Классиконың" ауылы да алыс емес секілді...

«Барселона» — Реал Сосьедад» 2:0 (1:0).
6 ақпан. Барселона. «Камп Ноу» алаңы.
Голдар: Бускетс, 44 (1:0). Субикараи, 60 — өз қақпасына (2:0).
Алаңнан қуылды: И.Мартинес, 44 (РС).
«Барселона»: Пинто, Алвес, Пике, Маскерано, Альба, Бускетс, Хави, Фабрегас (Тельо, 85), Педро, Месси, Санчес (Иньеста, 74).
«Реал Сосьедад»: Субикараи, Ансотеги. И.Мартинес, М.Гонсалес (К.Мартинес, 19), Анхель, Гастаньяга, Сальдуа, Элустондо, Сурутуса, Гризманн (Сеферович, 83), Вела (Каналес, 73).

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Ө. Сансызбай