Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Исинбаева Риоға баратынын мәлімдеді

Исинбаева Риоға баратынын мәлімдеді

Исинбаева Риоға баратынын мәлімдеді

Сырықпен секіруден Олимпиада ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін әлем рекордын жаңартушы ресейлік Елена Исинбаева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы ойындарға қатысатын болды, деп хабарлайды Р-Спорт.

Бұл жөнінде спортшы қыз жақын күндері қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Сочи қаласында мәлімдеді. Айта кетейік, осыған дейін Исинбаева спортшыларға арналған олимпиадалық ауылдың әкімі болып тағайындалған еді.

«Олимпиадалық ауылдың әкімі ретінде мені олимпиадалық сезімнің билеп алғанын айтқым келеді. Бұл мені Риоға жетелейтін сияқты. Әрине ешнәрсені кесіп жүз пайыздық сеніммен айта алмаймын. Дегенмен Олимпиада - бұл нағыз мереке, оған әркімнің де қатысқысы келетіні анық. Жеңімпаз болып жатсаң, нұр үстіне нұр»,-дейді Елена Исинбаева. 

Естеріңізге салсақ, Елена Исинбаева Олимпиада ойындарының екі дүркін, ашық және жабық кешендердегі әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ оған әйелдер арасындағы сырықпен секіруден әлемнің 28 рекорды тиесілі. Ал соңғы өткен Лондондағы Олимпиада ойындарында ол қола медальды қанағат тұтса, 2013 жылы өз отанында өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды. Осы оқиғадан кейін Исинбаева іле-шала спорттан кетіп, өмірін тек отбасына арнайтынын мәлімдеген болатын.   

Айта кетсек, Сочидегі олимпиадалық ауылға қазақстандық спортшылар да біртіндеп келіп жатыр. Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 52 спортшы бақ сынайды. Ал ашылу салтанаты кезінде еліміздің көк туын Ердос Ахмадиев алып шығатын болады. Жарыс ақпанның 7-23 күндері аралығында өтеді.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: rsport.ru

 

630 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 05 ақпан 2014, 02:37
Пікірлер
+0
05 ақпан 2014, 14:54

Алтын алуға ғана барасың сен. Мықтысың, қорықпа!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...