Бендиден Қазақстан құрамасы ӘЧ қола жүлдегері атанды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Бендиден Қазақстан құрамасы ӘЧ қола жүлдегері атанды

Бендиден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бесінші мәрте қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Үшінші орын үшін болған матчта қазақстандық хоккейшілер Финляндияны 5:3 есебімен жерге қаратты. Айта кету керек, бірінші таймнан кейін финдер 2:0 есебімен алда болған еді. Алайда екінші тайм басталысымен Александр Насонов, Леонид Бедарев және Сергей Почкунов қазақстандықтарды алға шығарғанымен, финдер есепті бірден теңестіріп кетті: 3:3.

Матч аяқталар тұста Қазақстан құрама командасына жеңісті Александр Насонов пен Рауан Исалиев алып келді. Осылайша, отандық хоккейшілер осымен үш рет қатарынан әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанып отыр. Сондай-ақ оларда 2003 және 2005 жылдарда алған қола медальдары бар.

Жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрама команласы швед хоккейшілеріне 3:4 есебімен жол беріп қойған еді. Екінші бір жартылай финалдық матчта айдын иелері Ресей құрамасы Финляндияны 3:1 есебімен жерге қаратып кетті.

Ал финалдық кездесуде бітіспес қарсыластар Ресей мен Швеция құрамалары кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Қорытынды есеп: 3:2. Ресейліктер өз айдынында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Жеңіс алып келген гол Евгений Иванушкинге тиесілі екендігін де айта кетейік.  

Осылайша, Ресей құрамасы сегізінші рет әлем чемпионы атанса, швед хоккейшілері 11 мәрте алтын жүлдегер иегерлері екендігін ескерте кетейік (16 рет күміс медаль иеленген). Соңғы рет бендиден Швеция құрамасы 2012 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарғаныны естеріңізде шығар.

34 рет ұйымдастырылған бендиден әлем чемпионаты 26 қаңтар күні шымылдығын ашты. Негізгі ойындар Иркутск қаласында өтсе, кейбір топтық кездесулер осы облыстың Шелехов қаласында ұйымдастырылды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: жарыстың ресми сайты