Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Арландар» ресейлік клубты екінші рет сүріндірді

«Арландар» ресейлік клубты екінші рет сүріндірді

«Арландар» ресейлік клубты екінші рет сүріндірді

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясында «Astana Arlans» Алматыда ресейлік «Russian Boxing Team» клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. 


Жерлестеріміздің сапынан алғаш болып шаршы алаңға көтерілген 49 келідегі Мардан Берікбаев  қарсыласы Белик Галановты жеңіп, кездесуді «Арландар» жеңіспен бастады. Бас бапкер Сергей Корчинский артқан сенімді ақтаған былғары қолғап шеберіміз алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Екі боксшы да тең дәрежеде өнер көрсеткен. Алайда төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңімпаз болып танылды.

Екінші болып рингте Мардан Берікбаевтің жеңісті жолын 56 келіде шаршы алаңға көтерілген Мади Шоқанов жалғастырды. Алғашқы кездесуіне шыққан «Арландар» былғары қолғап шебері қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Ал қарсыласы Никита Федорченко алғаш рет шаршы алаңға шығып тұрғандай тәртіп бұзумен ғана уақыт өткізді.

64 келіде жерлестеріміздің намысын қорғаған Асхат Уәлиханов та қарсыласы Максим Дадашевке мықтылығын таныта білді. Бірінші және екінші раундтағы қазақстандық боксшының соққылары қарсыласына дөп тиіп жатты. Соңғы раундтарда қорғанысты ойлаған боксшымыз шаршы алаңдағы басымдығын ұстап қала алды. Соның арқасында «Astana Arlans» мерзімінен бұрын жеңіске қол жеткізді.

75 келіде бақ сынаған Сергей Деревянченко  ресейлік боксшы Петр Хамуковты еш қиналмастан жеңді. «Astana Arlans» клубының украиналық легионері 5 раундта да қарсыласын жойқын соққыларымен сабаумен болды.  

«Astana Arlans» клубының 91 келідегі былғары қолғап шебері Василий Левит «Russian Boxing Team» клубының боксшысы Алексей Егоровпен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. 2013 жылғы Еуропа чемпионы атанған ресейлік команданың былғары қолғап шебері де өз кезегінде аянып қалмады. Алайда осыған дейінгі үш кездесуде де жеңіске жеткен Василий Левит бұл жолы да қарсыласына мықтылығын таныта білді.

Енді «Astana Arlans» келесі кездесуін 7 ақпан күні мексикалық «Mexico Guerreros» клубымен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жектер Мексика жерінде өтеді.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Қосылған күні: 01 ақпан 2014, 18:14
Пікірлер
+0
01 ақпан 2014, 22:35

Жарайсыңдар, биыл да чемпиондық атақтарын қорғап қалады деп сенемін

+0
01 ақпан 2014, 22:41

Белгісіздеу

+0
02 ақпан 2014, 17:39

Әй, еркектер!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.