"Барселона" қытайлық жанкүйерлерін құттықтап шықпақ

"Барселона" қытайлық жанкүйерлерін құттықтап шықпақ

Каталондық «Барселона» командасы сенбі күні ХХІІ тур аясындағы «Валенсиямен» өтетін кездесуге арнайы жейде киіп шықпақшы. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Команданың ресми сайтының ақпараты бойынша, жейденің жеңінде 31 қаңтар күні келетін Қытай Жаңа жылының иероглифі, «жылқы» таңбасы белгіленбек. Белгімен қатар,  «Барселонаның» белді футболшылары да команданың қытайлық жанкүйерлерін мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

Қазіргі таңда клубтың ресми сайты ағылшын тілінен кейін, осы қытай тілінде танымал екен. Күніне 500 мыңдай қолданушы сайтта қонақта болатын көрінеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: fcbarcelona.cat

Ө. Сансызбай