Пиззелли «Ақтөбе» қатарына қосылды

Пиззелли «Ақтөбе» қатарына қосылды

Ресейдің «Краснодар» мен Армения ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли «Ақтөбе» қатарына қосылды. Футболшының бір жылға жалға берілгені туралы краснодарлық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Келісімшарт бойынша Маркос Пиззелли Владимир Никитенко командасының намысын осы жылдың соңына дейін қорғайтын болады. Ел футболына қосылатын ойыншы 2012 жылы краснодарлық "Кубанның" жейдесін киіп, аталған клуб сапында өзі қатысқан 31 ойында 8 доп соққан. Өткен жылдың мамыр айында «Краснодар» сапына ауысып, 8 ойында 2 допты еншісіне жазыпты.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» командасын осыған дейін беларус Ренан Брессан мен бразилиялық Данило Неко толықтырған болатын. Сонымен қатар, Павел Шабалин мен Валерий Коробкин де Ақтөбеге жол тартқан-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?