Зарина WTA рейтингінде 40 саты жоғарылады

Зарина WTA рейтингінде 40 саты жоғарылады

«Үлкен дулыға» санатына жататын «Australian Open» тартысында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Зарина Диас әйелдер арасындағы жаңарған рейтингте 40 саты жоғарылады.

20 жастағы Зарина Диас Аустралия ашық біріншілігінің іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жарыстың үшінші айналымына дейін жетті. Үшінші айналымда Симон Халеппен сынға түскен жерлесіміз қарсыласынан айласын асыра алмаған болатын. Жаңа рейтинг бойынша румын теннисшісі алғашқы ондыққа енді. Ал қазақстандық спортшының бұл жетістігі - WTA рейтингіндегі 152-ші орыннан 112-ші орынға көтерілуіне септігін тигізді.

Еліміздің нөмірі бірінші теннисшісі саналатын Галина Воскобоева жаңарған рейтингте 6 саты жоғарылап 71-ші сатыдан көрінді. Ярослава Шведова 79-шы орынға көтерілсе, Юлия Путинцева 10 саты төмендеп, 122-ші орынға табан тіреді.

«Australian Open» жарысынан кейін жаңарған рейтингте аздаған өзгерістер орын алды. Жарыс жеңімпазы болып танылған қытайлық Ли На 5-ші орыннан 3-ке көтерілсе, Мария Шарапова 2 саты төмен сырғыды. Сондай-ақ поляк қызы Агнешка Радваньская да 1 саты жоғарылаған.

WTA жаңарған рейтингінің ондығы:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 13000 ұпай,

2 (2). Виктория Азаренко (Беларуссия) - 6581,

3 (4). Ли На (Қытай) - 6570,

4 (5). Агнешка Радваньская (Польша) - 5750,

5 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 5416,

6 (6). Петра Квитова (Чехия) - 4745,

7 (7). Сара Эррани (Италия) - 4440,

8 (8). Елена Янкович (Сербия) - 4310,

9 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 4030,

10 (11). Симона Халеп (Румыния) - 3760,

Ерлер арасындағы ATP жаңарған рейтингінде қазақстандық теннисшілердің нәтижесі төмендеп отыр. Михаил Кукушкин 1 саты төмендеп, 67-ші орынға жайғасса, Андрей Голубев пен Александр Недовесов көрсеткіштері де төмендеген.


Аустралия ашық біріншілігінде топ жарған швейцариялық Станислас Вавринка ATP жаңарған рейтингінде 5 саты жоғарылап, алғашқы үштікке енді. Есесіне Давид Ферер, Энди Маррей және Роджер Федерер көрсеткіштері төмендеді.

ATP жаңарған рейтингінің ондығы:

1 (1). Рафаэль Надаль (Испания) – 14330,

2 (2). Новак Джокович (Сербия) – 10620,

3 (8). Станислас Вавринка (Швейцария) – 5710,

4 (5). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) – 5370,

5 (3). Давид Феррер (Испания) – 5280,

6 (4). Энди Маррей (Ұлыбритания) – 4720,

7 (7). Томаш Бердых (Чехия) – 4540,

8 (6). Роджер Федерер (Швейцария) – 4355,

9 (9). Ришар Гаске (Франция) – 3050,

10 (10). Жо-Уилфрид Тсонга (Франция) – 2885,

Жақша ішіндегі алдыңғы рейтинг көрсеткіші

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай