«ПСЖ» клубы Мессиді сатып алуға дайын

Болат Қосмағамбет Корреспондент
«ПСЖ» клубы Мессиді сатып алуға дайын

Француздың «ПСЖ» футбол клубына қожалық ететін арабтар Аргентина құрамасы мен испандық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Францияның L'Equipe басылымы «париждік клуб Мессиді футболшының каталондық клубпен жасаған келісім-шартында көрсетілген бағаға өз командасында көруге әзір» деп жазады. Айта кетейік, ол бойынша футболшының нарықтағы бағасы 250 миллион еуроны құрайды.

Ал осыған дейін кейбір батыс басылымдары каталониялықтар Мессиді 2015 жылы оның трансферлік құны шарықтау шегіне жеткеннен кейін сатуға әзір деп хабар таратқан болатын.

Басылым клуб президенті Сандро Россельдің алдағы жылдары «Барселонаға» жасайтын тың әрі түбегейлі өзгерістеріне сүйене отырып, осылайша мәлімдеген болатын.

Алайда өткен аптада сол Россельдің өзі бразилиялық ойыншы Неймардың трансфері кезінде қулық жасады деген айыппен, қызметімен қош айтысып үлгерді.

Айта кетейік, Лионель Месси «Алтын доп» жүлдесінің төрт дүркін жеңімпазы әрі «Барселона» сапында ресми кездесулерде ең көп гол соққан (358) футболшы саналады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: smotrisport.tv