«Достастық Кубогы» сәтсіз басталды

О Сансызбай Корреспондент
«Достастық Кубогы» сәтсіз басталды

Кеше Ресейдің Санкт-Петербург қаласында басталған «Достастық Кубогы – 2014» халықаралық турниріне қатысып жатқан Қазақстан жастар құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.

БӨЛІСУ

Беларуссия жастар құрамасымен кездескен Саулюс Ширмялис шәкірттері алғашқы таймда-ақ қақпаларына төрт бірдей допты жіберіп алды. Алаңға бой үйретемін деп жүргенде, бар-жоғы 20 минуттың ішінде қақпамызда үш бірдей доп тулады. Екінші таймда да қарсыластар желпініп өнер көрсетті. Алайда өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тек 56 минутта Бауыржан Исламханның айып соққысынан бағыттаған соққысы қақпа төрінен табылды. Нәтижесінде Қазақстан жастары алғашқы кездесуін 4:1 есебімен жеңіліспен аяқтады. Ертең Мәскеу құрамасы командасымен кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz