Ширмялис жастар құрамасының тізімін жариялады

Ширмялис жастар құрамасының тізімін жариялады

Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында футболдан «Достастық Кубогы-2014» халықаралық турнирі басталады. Жарысқа қатысатын Қазақстан жастар құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы kff.kz сайты хабарлап отыр.

Осыған дейін Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізген Саулюс Ширмялис командасының құрамын төмендегідей жасақтап шықты.

Қақпашылар: Станислав Павлов ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Шахтер" Қарағанды),

Қорғаушылар: Аслан Рафкат ("Бәйтерек" Астана), Григорий Сартаков ("Атырау"), Кирилл Пасичник ("Атырау"), Максим Грек ("Ордабасы" Шымкент), Дмитрий Шмидт ("Восток" Өскемен), Тимур Рудосельский ("Қайрат" Алматы),

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан ("Кубань" Краснодар, Ресей), Исламбек Қуат ("Астана"),  Алтынбек Дәулетханов ("Ертіс" Павлодар), Қасымхан Таласбаев ("Қайрат" Алматы), Эльвин Аллаяров ("Ертіс" Павлодар), Магамед Узденов ("Қайсар" Қызылорда), Георгий Жуков ("Астана"),

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай ("Шахтер" Қарағанды), Роман Мұртазаев ("Шахтер" Қарағанды), Станислав Лунин ("Шахтер" Қарағанды), Виталий Ли ("Шахтер" қарағанды), Максим Фильчаков ("Ордабасы" Шымкент),

Бас бапкер: Саулюс Ширмялис.

Қазақстан жастар құрамасы алғашқы кездесуін ертең Беларуссия жастарымен өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 16:15-те басталады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz

Ө. Сансызбай