«Атлетико» Фалькаоны қолдады

О Сансызбай Корреспондент
«Атлетико» Фалькаоны қолдады

Францияның төртінші дивизиондағы «Мост» командасының қорғаушысы Сонер Эртек "Монако" мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькаоның тізесіне ауыр жарақат салғаны үшін, бүгінде жеке басына Колумбия елінен түрлі қорқытулар келіп жатқан көрінеді. Бұл жайлы L’Equipe басылымында хабарланып отыр.

БӨЛІСУ

Францияның Кубогінің 1/16 финалында тізеден ауыр жарақат алған 27 жастағы сұрмерген ойыншы осы жазда Бразилияда өтетін Әлем Чемпионатына қатыса алмайтыны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Фалькаоның жарақаты жайлы естіген колумбиялық жанкүйерлер сол уақытта-ақ қатты толқып, Эртекті өмір бойына футболдан аластату керек деген шешім шығарған. Өз кезегінде, жарақат салған жанның мектепте география пәнінен сабақ беретінін де айта кеткіміз келеді.

Сонымен қатар, мадридтік «Атлетико» да Радамель Фалькаоның Әлем чемпионатына қатыса алмайтынына өкініш білдіріп, бұрынғы командаласына өз көңілдерін жеткізді. Испания кубогы 1/4 финалы аясындағы «Атлетикке» қарсы кездесуде клуб «өзіңе бекем бол, эль-барыс» деген жазуы бар жейде киіп шықты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com