Головкин мен Адама арасындағы кездесудің билет бағалары бекітілді

Головкин мен Адама арасындағы кездесудің билет бағалары бекітілді

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының белбеуіне талас өтетін қазақстандық Геннадий Головкин мен ганалық Осуману Адама арасындағы кездесу кешіне арнап сатылып жатқан билеттердің бағасы белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлайды.  

Сонымен бесінші категориялы билеттің құны 24 мың теңгедей (153,50 доллар) болады. Төртінші категориялы битетті 32 мың теңгеге (203,50 доллар) сатып алсаңыз, ал үшінші категориялы ең қымбат кіру қағазы 63 мың теңгеге (403,50 доллар) сатылу үстінде.  

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш кездесу Монаконың атақты Монте-Карло ойын-сауық ауданында өтеді. Еліміздің бокссүйер жанкүйерлеріне кездесу «Қазақстан» және KazSport телеарналары арқылы тікелей эфирден көрсетілмек. Ал американың ең атақты бокс арналарының бірі HBO бұл кездесуді кешеннің техникалық қиындықтарына байланысты тарата алмайтын болады. Алайда бұл телеарна кейін кездесудің жазбасын наурыз айының алғашқы жартысында АҚШ жерінде көрсетуді жоспарлап отыр. Ал Гена биылғы жылдағы екінші кездесуін 26 сәуірге жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.  

Айта кетейік, Головкин өзі өткізген соңғы кездесуінде америкалық Кертис Стивенсті уақытынан бұрын жеңіп, өз атақтарын қорғап қалған еді. Бұл жеңіс Гена үшін 28-ші (25-і нокаут) болып тіркелді. Ал Осумана Адаманың еншісінде 25 кездесуде жеткен 22 жеңісі және 3 жеңілісі бар.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет