Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Фалькао Бразилияға бармайтын болды

Фалькао Бразилияға бармайтын болды

Фалькао Бразилияға бармайтын болды

Осыған дейін біз «Монако» клубы мен Колумбия ұлттық құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькао Франция чемпионаты ойындары кезінде алған жарақаты кесірінен биылғы жылы Бразилия жерінде өтетін әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін деп хабар таратқан едік. Енді осы болжам шындыққа айналып, футболшы алдағы алты айын ауруханада өткізетіні белгілі болып отыр.    

Бейсенбі күні өткен дәрігерлік тексерістің қорытындысы бойынша, Фалькаоның тізесінен оңбай жарақат алғаны анықталды. Ал футболшының жарақатынан толық айығуы үшін кем дегенде алты немесе мүмкін сегіз айға дейін уақыт қажет. Дәл осындай ақпаратты «Монаконың» ресми сайты бүгін хабарлады.   

Радамель Фалькао әлем чемпионатының іріктеу матчтары кезінде Колумбия сапында 13 матчқа қатысып, 9 рет мергендігімен танылды. Іріктеу қорытындысы бойынша, колумбиялықтар мундиальға 1998 жылдан бері көптен күткен жолдамаға ие болған еді. Олар жарыстың топтық кезеңінде Кот-д'Ивуар, Жапония және Грекия елдерімен алаңға шығады. Әрине енді Фалькаосыз Колумбияның жағдайы айтарлықтай қиындайтыны анық.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vk.com

Қосылған күні: 23 қаңтар 2014, 23:58
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2014, 10:46

Өте өкінішті. Колумбиядан тосын сый күтем деп ойлаған едім...

+0
24 қаңтар 2014, 11:41

Өкінішті

+0
24 қаңтар 2014, 15:22

Фалькаосыз әлем чемпионаты қызық болмайтын шығар 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.