Бразилия жаңа стадионын таныстырды

Бразилия жаңа стадионын таныстырды

2014 жылы Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай ФИФА стадиондар құрылысының кешеуілдеп жатқаны туралы хабарлаған да еді. Енді Бразилия елі алғашқы жаңа стадионын таныстырып та үлгерді.

Натале қаласында ашылған жаңа стадион «Дас Дунас» деген атау алды. Жаңа алаңның ашылуына аталған ел президенті Дилма Русеф пен ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке, және Бразилия құрамасының әйгілі футболшылары Бебето мен Кафу қатысты.

«Дас Дунас» стадионы бұрынғы «Макадо» алаңының орнына салынған. 42 мың жанкүйерді қабылдай алады. Бұл стадионда 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтетін Әлем чемпионатының Мексика-Камерун, Гана-АҚШ, Жапония-Грекия және Италия-Уругвай кездесулері өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football.sport.ua

Ө. Сансызбай