Зиданның ұлы шеберлігімен танылды

Зиданның ұлы шеберлігімен танылды

Әйгілі футболшы Зиннедин Зиданның ұлы Лука Зидан соңғы ойындарында шеберлігімен танылып жүр. Футбол мамандары мен «Реал» басшылығы 15 жастағы қақпашының болашағы зор деп отыр.

Кеше 17 жасқа дейінгі «Реалдың» командасында ойнайтын Лука Зидан Дохадағы «Манчестер Сити» жастарымен өткен кездесуде бірнеше қауіпті сәттердің бетін қайтарды. Ал бұдан өзге Зиданның екі ұлы да осы «корольдік клубтың» академиясында жаттығады. Энцо мен Тео алаңда шабуылшы болып өнер көрсетеді екен.

Естеріңізге сала кетсек, Зинедин Зидан жеті жасар Элиасты да "корольдік клубтың" балалар-жасөспірімдер мектебіне түсіретіні туралы жазған едік. Қазіргі таңда француз футболшысы ұлдарын "Реал" командасының бұрынғы шабуылшысы Фернандо Морьентес жаттықтырып жүр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай