Винокуров Гиннестің рекордтар кітабына енді

О Сансызбай Корреспондент
Винокуров Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ел намысын байрақты бәсекелерде қорғаған Лондон Олимпиадасының чемпионы әйгілі велошабандоз Александр Винокуров Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы sportinfo.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Алекандр Винокуровтың алыс қашықтықта Сиднейде иеленген жүлдесі ел велоспорты тарихындағы алғашқы жүлде болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы немістің "Deutche Telekom" клубында өнер көрсететін еді. Ол топтық жарыста өз командаластарымен көш бастап шығып, жүлдені өзара бөлісті. Күміс қазақстандық велошабандозға бұйырды. Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында жерлесіміз 39 жасында алтыннан алқа тақты. Алғашқы күнгі алтынды көп жанкүйерлер күтпеген де еді. Алайда бұл жетістік Александрдың қолынан келді. Осылайша екінші жүлдесін алғашқы жүлдесінен кейін 12 жыл салып иеленген жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Александр Винокуровтың «Менің алтын мансабым. 1998-2012» деректі кітабы мен велошабандоз атындағы қоғамдық қор жұмысы ашылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: news.nur.kz