Полторанин жеңіс тұғырынан көрінді

О Сансызбай Корреспондент
Полторанин жеңіс тұғырынан көрінді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Польшада өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде мәрені үшінші болып кесті.

БӨЛІСУ

15 шақырымды классикалық жүріп өтуде жерлесіміз ресейлік Максим Вылегжанин мен оның жерлесі Евгений Беловты ғана алға жіберіп алды. Қазақстандық шаңғышы мәреге жарыс жеңімпазынан 2,3 сеундқа кешігіп жетті.

Ал тағы бір ел намысын Шклярска-Порембада қорғап жатқан жерлесіміз Денис Волотка мәреге 44-ші болып келді. Ол барлық жолды 38 минут 41,8 секундта жүріп өтті.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz