«Baku Fires» vs «Astana Arlans»

О Сансызбай Корреспондент
«Baku Fires» vs «Astana Arlans»

Дүниежүзілік бокс сериясы аясында (WSB) «Astana Arlans» алтыншы кездесуін бүгін сырт аренада әзірбайжандық «Baku Fires» клубымен өткізеді. Осыған дейін бес кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен жерлестеріміз топта екінші орында келеді.

БӨЛІСУ

Соңғы кездесуде «Арландар» польшалық «Poland Hussars» клубымен өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Әзірге топта «Бостандық аралының» өкілдері көш бастап келеді. Олар алты кездесудің барлығында жеңіске жетті. Бүгінгі әзірбайжандық клуб та осал қарсылас емес. Өз шаршы алаңында намысты қолдан бермейтін ұжым. Осыған дейін «Astana Arlans» боксшысы Эхсан Рузбахани рингке көтерілмеуі мүмкін деген ақпараттар тараған еді. Алайда оның орнына шықпақ болған Данабек Сужановтың жұдырықтаспайтыны белгілі болды. Легионерміздің өзі өнер көрсетеді. Бұл туралы клубтың «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы хабарлап отыр.

«Эхсан салмақ өлшеу рәсімін сәтті өткізіп, шаршы алаңға шығуға құқық алды. Енді ол әзірбайжандық команданың дебютанты Рамазан Магомедовпен жұдырықтасатын болады», - делінген «Астана арландарының» жеке парақшасында.

Алғашқы жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Кездесулерді «KazSport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Жекпе-жекке шығатындар құрамы төмендегідей:

52кг:  Эльвин Мамишзада – Ілияс Сүлейменов
60кг: Альберт Селимов - Самат Башенов 
69кг: Евгений Рамашкевич - Мейірім Нұрсұлтанов
81кг: Рамазан Магомедов - Эхсан Рузбахани
91кг: Хаджи Муртузалиев - Руслан Мырсатаев

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com