Кузин көрсеткіші көңілден шықты

Кузин көрсеткіші көңілден шықты

Қазақстандық конькиші Денис Кузин Жапонияның Нагано қаласында басталған турнирдің алғашқы күніндегі спринтерлік көпсайыс қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтап отыр.

500 метрлік қашықтықта жерлесіміз 15-ші нәтижені көрсетсе, өзінің оң жамбасына сай келетін 1000 метрлік сайыста Денис жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. АҚШ құрамасының Олимпиада чемпионы Шанни Дэвисті де артта қалдырып жеңімпаз болып танылды. Спортшылар осы екі қашықтықта екі реттен жарысады. Төрт сайыстың қорытындысы бойынша көпсайыстан жарыстың чемпионы анықталатын болады. Ал жекелей қашықтықтарда жеңіске жеткен спортшы кіші алтын алады. Қос сайыс қорытындысы бойынша бесінші орында келеді. Ал тағы бір қазақстандық Роман Креч жетінші сатыдан көрініп отыр.

Әзірге жарыс тізгінін голландиялық Михель Малдер ұстап келеді. Екінші орын Шанни Дэвиске тиесілі болса, үштікті канадалық Уильям Даттон қорытындылап тұр.

Ал осыған дейін әйелдер арасында осы қашықтықта бақ сынаған Екатерина Айдова жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтаған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: alaman.kz

Ө. Сансызбай