Зарина Диас "бүгінгі күннің аруы" болып танылды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Зарина Диас "бүгінгі күннің аруы" болып танылды

Ресейлік Sports.ru порталы «Үлкен дулыға» турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алған қазақстандық теннисші Зарина Диасты бүгінгі күннің үздік аруы атады.

БӨЛІСУ

Порталдың журналистері 20 жастағы қазақ қызын Австралия ашық чемпионатының сенсациясы деп тануда. Зарина қазір турнирдің 1/16 финалына шығып тұр. Жерлесіміз өз карьерасында тұңғыш рет бұндай жетістікке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Australian Open турнирінің бірінші айналымда отандасымыз әлемнің 173-ші ракеткасы чехиялық Катерина Синякованы ұтқан болатын (6:2, 6:4). Екінші кезеңде әлемнің 52-ші ракеткасы жаңа зеландиялық Марина Ераковичтен 6:4, 6:0 есебімен басым түсті.

Ертең, яғни, 18 қаңтар күні қазақстандық теннисші әлемнің 11-ші ракеткасы румыниялық Симоне Халеппен сынға түседі. Букмекерлік кеңселер 22 жастағы румыниялық теннисшінің жеңісіне 1.06 коэффициент берсе, Заринаның жеңісіне 9.17 коэффициент беріп отыр. Жерлесімізге жеңіс тілейміз!

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz