Анчелотти: «Реал» Озилді сатып қателесті

Анчелотти: «Реал» Озилді сатып қателесті

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти неміс жартылай қорғаушысы Месут Озилді лондондық «Арсеналға» сатуын клуб басшылығының басты қателігі деп санап отыр.

- Меніңше, Озилді командадан жіберуіміз басты қателігіміз болды. Ол «корольдік клубқа» көп пайдасын тигізді. Кез келген жағдайда да «Реалда» әлемнің үздік футболшылары тер төгеді. Сол сияқты Гонсало Игуаинның да команда да өз орны болатын, – деді италиялық маман. Бапкер өз қателігін кеш түсінген секілді.

Естеріңізге сал кетсек, Арсен Венгер баптайтын «Арсенал» Месут Озил үшін 50 миллион еуро төлеген болатын. Футболшы осы маусымда «канонирлер» қатарында 16 кездесу өткізіп, 4 гол соғып, 7 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football-side.com 

Ө. Сансызбай