"Боруссия" Оңтүстік Корея шабуылшысын сатып алды

Ла Лига Корреспондент
"Боруссия" Оңтүстік Корея шабуылшысын сатып алды

«Сандерленд» командасы мен Оңтүстік Кореяның шабуылшысы Чжи Дон Вон жазғы маусымда дортмундық "Боруссияның" жейдесін кимек, деп хабарлайды неміс клубының ресми сайты.

БӨЛІСУ

Германияның бұрынырақтағы экс-чемпиондары 1 шілде күні жиырма екі жастағы шабуылшыны дортмундық клубтың қатарына қосады. Арадағы келісім 4 жылға жасалмақ.

Маусым соңына дейін кәріс ойыншысы немістің «Аугсбург» командасына жалға берілмек. «Боруссияға» еркін агент түрінде өтетін болады. 

Естеріңізге сала отырсақ, «Боруссияның» үздік мергені Роберт Левандовски жазғы трансферлік аралықта мюнхендік "Баварияға" ауысып барады.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: bvb.de