Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Реал» стадионына атау іздеуде...

«Реал» стадионына атау іздеуде...

«Реал» стадионына атау іздеуде...

Мадридтік «Реал» басшылығы «Сантьяго Бернабеу» стадионы атын өзгертуіне байланысты «Coca-Cola» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Бұл туралы «Inside Spanish Football» хабарлап отыр.

Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың бірі саналатын «Coca-Cola» «корольдік клубтың» қазіргі стадионының атына өз бірлестігінің атын қосуды ұсынып отырған көрінеді. Ол үшін компания Флорентино Перес ұжымына жылына 80 миллион еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Ал осыған дейін «Реал» басшылығы «Microsoft» компаниясымен де келіссөздер жүргізіп көрген болатын. Алайда бұл компания жылына 50 миллион еуро төлеуге ғана келіскен еді. Бұл ақпаратты испандық Mundo Deportivo басылымы да нақтылап отыр. Олардың жазуынша, қайтадан құрылымдап жасалып шығатын мадридтік команда стадионының аты «Сантьяго Бернабеу – Coca-Cola» немесе «Coca-Cola Бернабеу» деп аталуы мүмкін деп хабарлауда.

Қазіргі таңда компаниялардың демеушілігі арқылы аталатын стадиондар жоқ емес. Олардың қатарында «Бавария» («Альянс»), «Арсенал» («Эмирейтс») және «Манчестер Сити» («Этихад») командаларының стадиондары бар.

Естеріңізге сала кететін болсақ, мадридтік клуб стадионы 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі «Реал» президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: merengues.ru

Қосылған күні: 17 қаңтар 2014, 16:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.