Africa Еco Race қатысушылары жарысты қорытындылады

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Africa Еco Race қатысушылары жарысты қорытындылады

Mobilex Racing Team қазақстандық командасының өкілдері Vesti.kz тілшісіне 11 қаңтар күні Сенегал астанасы Дакардағы Қызғылт көл маңында мәреге жеткен Africa Eco Race-2014 ралли-марафонын қорытындылап, айтып берді.

БӨЛІСУ

Қанат Шагиров: «Жарыс қорытындысы бойынша біз өз ішімізде қорытынды жасайтын боламыз. Жіберген қателіктерімізбен жұмыс жасаймыз. Біз оларды жақсы білеміз. Алдағы уақытта олармен жқмыс жасап, келер жарысқа тас түйін дайын болуды көздейміз. Ал алған әсерімізге келер болсақ, аз ғана уақытта айтып бола алмаймыз. Ал Африканың күн көзіне келер болсақ, ол біз ойлағандай ыстық емес, қазіргі маусымда айтарлықтай салқын келеді. Ол жақта да қазір қыс және ыстықдеп айта айтуға келмейді. Қорытындыға келер болсақ, біз күткен нәтижені тіркей алдық деп айта алмаймын. Біз бұл жарыста кем дегенде үшінші орын алуды көздеген болатынбыз. Алайда кезеңдердің бірінде орын алған техникалық қиындықтарға байланысты айтар болсақ, жаман емес деп ойлаймын. Сол себепті біз он сағат айып сағатын алып, бірден тоғыз сатыға төмендеп кеттік. Бұл да біздің жіберген қателігіміз болып отыр. Біздің топта Жак Луманс жеңіске жетті. Айта кетейін, ол осымен 27 жыл қатарынан «Дакар» жарысына қатысып келеді. Сондықтан тәжірибе жеңді деп айтсам дұрыс болатын шығар".

"Africa Eco Race – бұл бәсекеге толы және қиын жарыс саналады. Оңайға соққан жоқ, алайда біз мәреге аман есен жеттік. Жетіп қана қоймай, жақсы нәтижеге де қол жеткізе білдік. Өкінішке орай жоғары нәтижені тіркейтіндей, бізге сәттілік жетіскен жоқ. Бірақ қорытынды есеп жаман емес. Мәреге жетудің және жақсы нәтижені тіркеудің сәті түсті. Қанат Шагиров пен Александр Мороз бастаған бірінші экипаж екінші орынға ие болса, біз Арслан Сахимов екеуміз бесінші орынға ие болдық. Бұл тамаша көрсеткіш деп ойлаймын. Айта кету керек, жарысқа қатысқан барлық спортшылар жай ғана демалу үшін келгендер емес. Барлығы да мықты спортшылар, жоғары нәтиже көрсетуге барын салды. Енді бізге жіберген қателіктерімізден сабақ шығарып, соған жұмыстану қажет. Біз әрі қарай да жылжи бермекпіз»,-дейді Юрий Сазонов. 

Сондай-ақ алған әсерімен Юрий Сазоновтың штурманы Арслан Сахимов та бөлісе кетті: «Жарыстан алған әсеріміз естен кетпесі анық. Ралли өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алдымызға қойған мақсатқа жете алдық деп ойлаймын. Жарыс 11 кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысы өзінше бір күрделі әрі қызықты болып өтті. Мұның барлығы да біздің командаға алдағы жарыстарда көмегі тиер үлкен тәжірибе екені сөзсіз».

Естеріңізге сала кетсек, Mobilex Racing Team қазақстандық командасының өкілдері Қанат Шагиров пен Александр Мороз және Юрий Сазонов пен Арслан Сахимовтар жарыс қорытындысы өз кластарында екінші және бесінші орындарға табан тіреді. Т1 тобында Шагиров пен Мороз тоғызыншы болса, Сазонов пен Сахимов он екінші орынға тұрақтады. Абсолютті есеп бойынша Шагиров – Мороз жұбы 13-ші, ал Сазонов – Сахимов 16-шы орындарға табан тіреді. Айта кету керек. қазақстандық қос экипаж да Hummer H3 Evo прототиптерінде өнер көрсетті.  

Africa Еco Race – классикалық «Дакар» маршруты бойынша өтетеін халықаралық ралли-марафон саналады. Биылғы жылы жарыс үш мемлекеттің аумағымен өтті. Олар: Марокко, Мавритания және Сенегал. Жарысқа қатысушылар барлығы 5580 шақырым, оның 2997 шақырымы арнайы жолдар қашықтықты басып өтті. Жарыста барлығы 11 кезең болды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ©vesti.kz