Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды

Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды

Футболдан халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Жыл басындағы тізімді Қазақстан ұлттық құрамасы 128-ші орынмен бастады.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде ешқандай өзгерістер орын алған жоқ. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстаса, Германия мен Аргентина алғашқы үштікті қорытындылап тұр. Жалпы алғашқы отыздықтың өзінде өзгеріс орын алмаған. Тек Швеция  (26) мен Алжир (27) орын алмасқан.

Ең төменгі нәтижені Гавон құрамасы көрсетіп отыр. Олар 8 саты төмендеп, 85-ші орынға тұрақтаған. Ал бұл рейтингтің үздік көрсеткіші Сауд Арабиясы құрамасына тиесілі болды. Олар бірден 14 саты жоғарылап, 73-ші орынға табан тіреген. Жақында бас бапкерсіз қалған Қазақстан ұлттық құрамасы өткен айдағы көрсеткішін қайталап отыр.

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1. Испания - 1507 ұпай,
2. Германия – 1318 ұпай,
3. Аргентина – 1251 ұпай,
4. Колумбия – 1200 ұпай,
5. Португалия – 1172 ұпай,
6. Уругвай – 1132 ұпай,
7. Италия – 1120 ұпай,
8. Швейцария – 1113ұпай,
9. Нидерланды – 1106 ұпай,
10. Бразилия – 1102 ұпай.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай