Волейбол ардагерлері арасында II Республикалық турнир өтеді

Волейбол ардагерлері арасында II Республикалық турнир өтеді

2014 жылдың 19 қаңтар күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Спорт кешенінде ауылшаруашылығы ғылымының қайраткері, Алматы агроөнеркәсіп қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Тастан Тоқсейітовтің 75 жылдығына орай волейболдан ардагерлер командалары арасындағы II Республикалық турнир өткізіледі.

БӨЛІСУ

Т. Тоқсейітов әр жылдары еліміздің ауылшаруашылығы саласында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру факультетін бітірген. Бірқатар мемлекеттік марапаттарды иеленген. Іле, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандарының Құрметті азаматы.

Қайраткер тұлға 75 жасқа келсе де әлі күнге дейін салауатты өмір салтын ұстанып, ардагерлер командасында волейбол ойнайды. Аталған турнирге ғалымның өзі де қатысып, шеберлік көрсетеді.

Жолдаған: ҚазҰАУ қоғаммен байланыс және Редакциялық-баспа ісі департаменті

Сурет: panoramio.com