«Еременко Кубогы» Алматыда өтеді

«Еременко Кубогы» Алматыда өтеді

Футзалдан (шағын футбол) «Еременко Кубогы» халықаралық турнирі Алматы қаласында өтетін болды. Бұл шешімді турнирдің халықаралық Еуразия ресми одағы шығарды.

Жарыстың Алматыда өтуінің де өзіндік себептері бар. Өйткені «Қайрат» футзал командасы осыған дейін Элиталық раунд және УЕФА Кубогының «Төрттік финалын» қабылдады. Осындай тәжірибелері барын ескерген одақ жарыстың Алматыда жоғары деңгейде өтетініне шүбә келтірмеуде.

Халықаралық «Еременко Кубогын» «Қайратпен» қатар ресейлік «Синара», «Тюмень» және "Газпром-Югра" командалары сарапқа салады. Дода наурыз айының 6-сы мен 10-ы аралығында өтеді.

Жарыс кестесі:

Жартылай финал: "Газпром-Югра" (Ресей) - "Қайрат" (Қазақстан)
Жартылай финал: "Тюмень" (Ресей) - "Синара" (Ресей)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz

Ө. Сансызбай