Месси УЕФА түзген "Жыл командасы" құрамына енбей қалды

Шерхан Талап Корреспондент
Месси УЕФА түзген "Жыл командасы" құрамына енбей қалды

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) өзінің ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде анықталған 2013 жылдың үздік ойыншыларының тізімін жариялады.

БӨЛІСУ

Бұл тізімге «жыл командасы» атанған мюнхендік «Бавария»  клубынан төрт ойыншы кіріп отыр. Ал «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Мессиді бұл жолы тізімнен таба алмадық. 

Кеше ғана «Алтын доп - 2013» жүлдесін иеленген португалдық Криштиану Роналду УЕФА-ның символикалық құрамына енуден рекордтық көрсеткішке жетті. Мадридтік «Реалдың» үздік ойыншысы осымен «Жыл командасы» құрамына сегізінші мәрте еніп отыр.

2003 жылы «Барселона» ойыншыларынан бірде-бір футболшы үздік деп танылмаған еді. Бүгінгі статистика басқаша сөйлейді. Сол жылдардан бері есептейтін болсақ, қазірдің өзінде «Барселонаның» 38 ойыншысы бұл тізімге енген екен. «Реал» болса әзірге үздік тоғыз ойыншысымен шектеліп отыр. Ең алғашқы жылдарда неміс бундеслигасының ойыншылары үздіктер қатарында жиі аталатын.  2007 жылы Испания чемпионаты ойыншылары ерекше көзге түсті.

2013 жылдың үздік құрамын анықтауға 6,2 миллион адам қатысқан. УЕФА ұсынған «Жыл командасынның» толық құрамы мынадай:

Қақпашы: Мануэль Нойер (Германия, "Бавария");

Қорғаушылар: Давид Алаба (Австрия, "Бавария"), Филипп Лам (Германия, "Бавария"), Серхио Рамос (Испания, "Реал"), Тиаго Силва (Бразилия, "Пари Сен-Жермен");

Жартылай қорғаушылар: Гарет Бейл (Уэльс, "Реал"), Франк Рибери (Франция, "Бавария"), Марко Ройс (Германия, "Боруссия" Дортмунд), Месут Озил (Германия, "Арсенал");

Шабуылшылар: Златан Ибрагимович (Швеция, "Пари Сен-Жермен"), Криштиану Роналду (Португалия, "Реал").

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz