«Қайрат» пен «Қайсар» жеңіліс тапты

«Қайрат» пен «Қайсар» жеңіліс тапты

Біріккен Араб Әмірлігі мен Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан премьер-лига клубтары дайындығын пысықтау мақсатында жолдастық кездесулер ұйымдастыруда.

«Қайрат» неміс командасынан жеңілді


Абу-Дабидың «Аль Зайед» стадионында өткен жолдастық кездесу «Гамбург» командасының 3:0 жеңісімен аяқталды. Ойында Жак Зуа дубль авторы атанса, команда капитаны Рафаэль ван дер Варт бір допты еншісіне жазды. Бұл Владимир Вайсс шәкірттерінің екінші жеңілісі. Осыған дейін Өзбекстанның «Локомотивіне» есе жіберген-ді.

«Гамбург» (Германия) - «Қайрат» (Қазақстан)  3:0 (1:0)

Голдар: Зуа 16, 69, ван дер Варт 59

«Гамбург»: Нойхаус, Дикмайер, Мэнсьен, Янсен, Чалханоглу, Иличевич, Бадель, Собих, ван дер Варт, Зуа, Йирачек

«Қайрат»: Лория, Гурман, Кислицын (Таипов), Бауыржан (Дарабаев), Қуантаев, Маркович, Михалик (Оразаев), Сиссей, Едигарян (Нехтий), Көкеев (Советов), Смақов

«Моги Мирим» «Қайсарды» жеңді


«Тобыл» және «Ақтөбені» жеңе алмаған бразилиялық «Моги Мирим» командасы қызылордалық «Қайсарды» жеңді. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Осыған дейінгі жолдастық кездесулерде Дмитрий Огай командасы бір жеңіп, бір жеңілген болатын.

Қазақстан жастары «Говерланы» жеңді


Қаңтар айының 24-і мен ақпан айының 2-сі аралығында  Санкт-Петербургте өтетін «Достастық Кубогы-2014» жарысына дайындығын шыңдау барысында Қазақстан жастар құрамасы украиналық «Говерла» командасымен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші тайм 1:2 есебімен жеңіліп шыққан Саулюс Ширмялис шәкірттері екінші таймда өз басымдықтарын мойындата білді.

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) — «Говерла» (Украина) 4:2 (1:2)
Голдар: Фильчаков (2), Исламхан, Лунин — Трухин (2) 
Қазақстан (U-21): Павлов, Шмидт, Рудосельский, Пасичник, Сартаков, Сыдықбек, Узденов, Ли, Исламхан, Жаңғылышбай, Фильчаков.
Екінші таймда алаңға шыққандар: Грек, Кунов, Аслан, Хайруллин, Аллаяров, Таласбаев, Даулетханов, Оқасов, Лунин. 
14.01.2014. Сиде (Түркия). «Blue waters» стадионы.  

"Дубай" - "Астана"


Осыған дейін «Астана» командасы Абу-Дабиде «Дубай» командасынан жеңілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Енді сол кездесудің бейнесюжетін назарларыңызға ұсынамыз.

«Тобыл» чех жартылай қорғаушысымен толықты


Қостанайдың «Тобыл» командасы чех жартылай қорғаушысы Иржи Еслинекпен толықты. 26 жастағы футболшы мен команда бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол «Спарта» сапында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі мен УЕФА Кубогы жолындағы бәсекеде өнер көрсеткен. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, fanatik.kz, vesti.kz

Ө. Сансызбай