Геннадий Головкин "Алтын глобус" марапаттау салтанатының құрметті қонағы болды

Геннадий Головкин "Алтын глобус" марапаттау салтанатының құрметті қонағы болды

Қазақстандық боксер Геннадий Головкин «Алтын глобустың» 71-ші марапаттау салтанатына қатысты деп хабарлайды, Tengrinews.kz.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің Twitter парақшасында боксшының Голливуд жұлдыздарымен бірге түскен суреттерін жариялады. Танымал қазақстандық спортшымен Мэтт Дэймон, Том Хэнкс, Рекс Ли, Майкл Дуглас сынды актерлер және актриса, Владимир Кличконың қалыңдығы Хайден Панеттьери суретке түскен.

Сонымен қатар Геннадий Головкин американдық HBO арнасының комментаторы Джим Лэплимен, сол каналдың аты аңызға айналған ринг-анонсшысы Майкл Баффермен, боксшы Владимир Кличко, Майк Тайсонмен және актер Майкл Кеннет Уильямспен де естелік суретке түскен.

Геннадий Головкиннің «Алтын глобус» беделді киносыйының салтанатты марапаттау кешіне қатысатындығы жайлы тек сол күні белгілі болған. Марапатқа ие болған өнерпаздар жайлы мына жерден оқи аласыздар.

Сурет: twitter.com/TomLoeffler1/media

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina