"Алтын допты" Роналду иеленді

"Алтын допты" Роналду иеленді

Жаңа ғана Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште мәртебелі "Алтын доп" жүлдесін Роналду иеленді. 2013 жылы "Реал" және Португалия құрамасының футболшысы бұл атаққа лайықты тер де төге білді. 

Марапаттау рәсімінде Роналду көзіне жас алып, «Реал» және Португалия құрамасына өз алғысын білдірді. Осыған дейін әлем бұқаралық ақпарат құралдарының болжамы шындыққа айналды. Ал осы ақпараттар ағымынан кейін Аргентина және "Барселона" командасының ойыншысы Лионель Месси бұл кешке келмейді деген де сыбыстар шыққан-ды. Алайда төрткүл дүние таныған футболшы мұндай қылыққа бармады. 

Дәл осы күні Швейцарияға "жұлдыз" жауған күн болды десек қателеспейміз. Рибери де "Алтын доптан" басты үміткер еді... Жолы болмады дейін десек, осыған дейін Месси және Роналдумен үзеңгі қағыстырып келген жоқ. 2013 жылға дейін өзінің шеберлігін шыңдаумен келгендей... Ал өткен жыл француз футболшысына да ғажап маусым болған-ды. Дәл осылай осы маусымды да жалғастырар болса, 2014 жылы Рибери "Алтын допты" иеленуі әбден мүмкін. 

Сонымен әлем бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған бәсекеге де нүкте қойылды. Ал өз кезегінде Роналду: Бұл менің әріптестерім мен отбасымның жеңісі. Мен бұл жеңісті ұзақ күттім, - деді.

Дауыс беру қорытындысы:

Криштиану Роналду — 27.99%

Месси — 24.72%

Рибери — 23.39%

Ибрагимович — 5.29%

Неймар — 3.17%

Иньеста — 2.08%

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай